Министрлік өкілі Қазақстанда қанша жасөспірім бас бостандығынан айырылғанын айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Ішкі істер министрлігінің өкілі жыл өткен сайын елімізде кәмелетке толмағандардың қылмысқа қатысу көрсеткіші азайып келе жатқанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. 2020 жылдың басындағы жағдай бойынша елімізде бас бостандығынан айыру орындарында 42 жасөспірім отыр. Бұл туралы әкімшілік полиция комитетінің ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының бастығы Әсет Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, 2014 жылдан бері елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыс саны азайып келеді.

«Егер 2014 жылы кәмелетке толмағандар 3 533 қылмыс жасаса, 2015 жылы 2 923 оқиға тіркелген. Ал 2016 жылы – 3 291, 2017 жылы – 3 121, 2018 жылы – 2 920 және 2019 жылы – 265. Бүгінге дейін 665 қылмыс тіркелді. Жалпы, жыл басындағы жағдай бойынша елімізде бас бостандығынан айыру орындарында 42 жасөспірім отыр», – деді Әсет Оспанов.

Ол осы күндері мәжілісте бала құқықтарын қорғау мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы екі заң жобасы қаралып жатқанын атап өтті. Аталған заң жобасына кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған нормативтік түзетулер енгізу қарастырылған.

Сонымен қатар, министрлік өкілі жазғы демалыс кезінде балалар ата-аналар тарапынан бақылаусыз қалмаса дейді.

Оқи отырыңыз: Аулада қараусыз жүрген балалар үшін айыппұл салынады

Өйткені, полицейлер республика аумағында кәмелетке толмағандарға алкоголь, темекі өнімдерін сату мен олардың ойын-сауық орындарында және тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде болу фактілерін анықтау мақсатында арнайы іс-шаралар ұйымдастырып тұрады.

Айта кетейік, биылдың өзінде 1 500-ден астам кәсіпкер мен 500-ге жуық ойын-сауық орындарының иелері және 20 мың ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз