Министр: Өзбекстан Сардоба су қоймасын Қазақстанмен келіспей салған — Қазақстан жаңалықтары

0

Өзбекстан мемлекеті Қазақстанмен Сардоба су қоймасын келісіп салмағаны белгілі болды. Бұл туралы экология, геология және табиғат ресурстары министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Өкінішке орай, Сардоба су қоймасының салынуы бізбен келісілген жоқ. Бұл мәселе Өзбекстан және Қазақстан халқы үшін, қос елдің экономикасы үшін қиынға соқты», — деді министр. 

Десек те өзбекстандық тарап алдағы уақытта су қоймасының жағдайына байланысты шешімді бірігіп қабылдауға келісіпті. Бұл үшін шетелдік және қазақстандық сарапшыларды тарту арқылы техникалық есептеу өткізу міндетті екен. 

Еске салайық, 1 мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы жарылып, төрт адам қаза болған еді. Оқыс оқиғаның салдарынан Түркістан облысындағы бірқатар ауылдары суға кеткен болатын. Аймақта төтенше жағдай жарияланған еді. 31 606 адам эвакуацияланып, 7 639 егіс алқабы зардап шекті. 

stan.kz