Министр коронавирустың Қазақстан экономикасына әсері туралы сұрақтарға жауап берді

0

Қазақстан коронавирусқа байланысты Қытаймен сауда қатынасын әзірге шектемейді деп хабарлады Қазақстанның қаржы министрі Әлихан Смайылов.

– Біз қазір коронавирус жағдайы Қазақстанға әсер етпеуі үшін шара қолданып жатырмыз. Егер сәтті жүзеге асса, бізге әсер етпейді. Ал егер көрші елдермен қарым-қатынас мәселесінде бәрібір радикалды шаралар қолдануымызға тура келсе, [экономикаға] әсері болуы мүмкін. Бірақ қазіргі кезде Қытайдан тауар тасымалдау немесе тауар жеткізу бойынша шектеу қойылмаған, – деді коронавирустың Қазақстан экономикасына ықтимал әсері туралы журналистердің сұраққа жауап берген Смайылов 5 ақпанда.

Оның айтуынша, коронавирустың жайылуымен күресу үшін шамамен 3,5 млрд теңге қаржы бөлінген. Бұл Қытайдан азаматтарды эвакуациялау, дәрі-дәрмек, тепловизор сияқты өзге де құрылғыларды сатып алу шығынымен байланысты.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде Қазақстан «белгілі бір деңгейде туристік сапарларға шектеу қойған». Азаматтарға Қытайға саяхаттаудан бас тартуға да кеңес берген.

Соңғы дерек бойынша, Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 490-ға жетті. 24 324 адамнан вирус табылған.

Қаңтар айының соңы мен ақпан айының басында Қазақстан Қытайға қатынайтын жолаушылар автобусы мен пойыздарды, әуе рейстерін тоқтатқан.

2 ақпанда Қазақстан Уханьдағы 83 қазақстандықты елге эвакуациялады. Олардың басым бөлігі – студенттер. 5 ақпанда Қазақстанның өтінішімен Уханьнан тағы сегіз қазақстандық Өзбекстан мен Ресейге эвакуацияланған. Бес азамат – Ташкентте, үш азамат – Ресейдің Тюмень қаласында екі апта уақыт дәрігерлер бақылауында болмақ.

Видео: Коронавирус туралы не білу керек?

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз