Миллиондаған қазақстандық «Қазатомөнеркәсіп» акционері атанды

0

2018 жылғы 14 қараша 12:19 112

Миллиондаған қазақстандық «Қазатомөнеркәсіп» акционері атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Қазатомөнеркәсіп» акцияларын сатып алды. Бұл туралы бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығы Биржасының алғашқы сауда-саттығын іске қосу шарасында «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін алғашқы қадам жасалды. Лондон қор биржасы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығына бастапқы жария орналастыруға «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы табысты шығарылды. Шетелдік және отандық инвесторлар әлемдік нарықтағы күрделі жағдайға, үлкен құбылмалыққа қарамастан осы оқиғаға айтарлықтай қызығушылық танытты. ІРО-ға 49 шетелдік, 16 отандық заңды тұлға, сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2700 азаматы қатысты. БЖЗҚ-ның да табысты қатысуы біздің миллиондаған азаматымыздың «Қазатомөнеркәсіп» акционері атанғанын білдіреді», — деді ол.
Миллиондаған қазақстандық «Қазатомөнеркәсіп» акционері атанды

Оның айтуынша, бұл компанияның инвестициялық тартымдылығымен қатар имвесторлардың Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық саясатқа деген сенімін білдіреді.  Жалпы қазірдің өзінде уран компаниясының акциясына деген қызығушылық тым жоғары. Мәселен, компания акциясы ІРО-ға шығарылған алғашқы күннің өзінде 45 млн долларға төлем түскен.

«Таяу күндері тағы да 405 млн доллар түседі және осынау 450 млн доллардың барлығы Ұлттық қорға аударылатын болады», — деді Ахметжан Есімов.