МИА Россия сегодня: жақындарыңыз үшін үйде қалыңыз!

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Жыл басынан бері COVID-19 бүкіл әлемдегі мыңдаған адамның өмірін қиды, жұқтырғандардың саны жүздеген мың адамға жетті және күн сайын өсіп келеді

АЛМАТЫ, 26 – Sputnik. Қазір пандемия жағдайында ең қарапайым сақтық шарасы – жеке гигиена және өзін-өзі оқшаулау. Сол себепті үйде қалып, біз көптеген адамның өмірін құтқара аламыз. РИА Новости жаңалықтар қызметі және әлемдегі Sputnik редакциясы қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіп жатыр, соған қарамастан тәулік бойы ең өзекті және сенімді ақпаратты таратуды жалғастырып отыр.

Өзіңді оқшаулау – қауіпсіз әрі дұрыс шешім және бұл бізді және біздің жақындарымызды вирустың одан әрі таралуынан құтқарады. Біздің логотипіміздегі графикалық үй осыны көрсетеді. Бүгін ол ria.ru-дың жаңартылған түрінде, агенттіктің орыс тілді жобаларында, сондай-ақ, таяу және алыс шетелдегі Sputnik сайттарында, Sputnik радиосында, сондай-ақ, әлеуметтік желідегі парақшаларында пайда болады. 

Бұл мәңгілік емес. Бұл вирустың таралуына біздің жауабымыз және пандемиямен күресте әрбір адамның белсенді ұстанымда болуға шақыру. БАҚ бүгін көпшілікті ақпараттандыруда маңызды рөл атқаруы тиіс. Үйде қалыңыз, ал біз сізді соңғы оқиғалар, аурудың алдын алу және қорғану жолдары туралы жедел ақпаратпен қамтамасыз етеміз.

Жыл басынан бері COVID-19 бүкіл әлемдегі мыңдаған адамның өмірін қиды, жұқтырғандардың саны жүздеген мың адамға жетті және күн сайын өсіп келеді. Елдер жағдайды бақылауда ұстап отыр. Коронавирустың таралуына сенімді тосқауыл қою үшін барлық мүмкіндікті қолданып жатыр. Алайда біз бір-бірімізге көмектеспесек, ешқандай шараның пайдасы болмайды. Біз төнген қауіпке бірлесе тосқауыл бола аламыз. Сондықтан біз логотиптерді ауыстыру туралы шешім қабылдадық.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! #Дүрбелеңгежолжоқ 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз