«Мен, әрине, Ерке Есмахан емеспін». Танымал КВН-шы қазақша ән шығарды

0

Ресейлік танымал КВН-ші Азамат Мұсағалиев Instagram желісіндегі парақшасында қазақ тілінде ән жариялады. Желі пайдаланушылары әзілқойдың музыкалық шығармасына баға берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бұл, әрине, «Дос-Мұқасан» емес, әрине, Ерке Есмахан да емес. Бұл — мен, Азамат», — деп жазды әртіс жазбаның астында.

Әнді жайлаудағы жылқылар түсірілген видео сүйемелдеген.

Оның оқырмандары жақсы пікір қалдырып, шығармашылығы үшін алғыс айтты.

«Бізге қазір дәл осы ән керек еді», — деп жазды zhanarmukasheva1969.

«Сен жан-жақты талантсың. Біз сені жақсы көреміз. Қазақша көбірек ән айт», — деп қолдады baka_kurmasheva.

«Мен өз тіліне және тарихи Отанына деген махаббатын сезіндім. Бұл — өте әдемі. Адам өз орнын біліп, өзін бағаласа, демек ол жай адам емес», — деп жазды moldabekovafarida.