мектепте бірнеше бала уланып қалды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қала сыртындағы ауыл мектебінің оқушылары инфекциялық ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға байланысты мекемеде тексеріс басталды

ПАВЛОДАР, 11 қазан – Sputnik. Павлодарское ауылындағы мектеп асханасында жеті бала уланып қалды, деп хабарлайды Павлодар Онлайн басылымы.

Ата-аналардың айтуынша, балалар асханада тамақтанған соң, улану белгілері байқалған. Оқушылар облыстық ауруханаға жеткізілді.

№40 мектептің ата-аналар комитетінің мүшесі Сәуле Шәкібаеваның айтуынша, балалар бәліш жеген. Бұдан соң түнде оқушыларда улану белгілері байқалды. Ал таңертең ата-аналары жедел жәрдем шақырған.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында келіншек бес баласымен бірге уланып қалды

№40 мектеп директорының орынбасары Елена Минаеваның айтуынша, мектеп әкімшілігі жағдайды бақылауға алған. Ата-аналардың шағымы тексеріліп жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыдан соң шешім қабылданады.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ана мен баланы қорғау бөлімінің қызметкерлері Sputnik Қазақстан тілшісіне балалардың жағдайы қанағаттандырарлық екенін жеткізді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз