Меценаттар Алматы облысындағы көп балалы отбасына баспана сыйлады — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысындағы кәсіпкерлер көп балалы отбасына үйді сыйға тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеті баласы бар жанұя бұрын Панфилово ауылында үй жалдап тұрған. 2020 жылы 25 ақпанда олардың үйінде өрт болды, ол тұрғын үйлері қирап қалды. Отбасының қайғысына бей-жай қарамаған адамдар оларға көмектесті. Сондай-ақ қайғылы оқиға туралы әлеуметтік желілерде жаза бастады.

«Газ саласындағы кәсіпкерлер Шеңгелбаевтар отбасының қиыншылығына жауап берді. Бүгін олар отбасына өздері тұратын ауылдағы үйдің кілтін табыстады», — деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Төрт күн бұрын балаларымызбен жалдамалы кішкентай үйшікте тұрдық, ал қазір біздің жеке үйіміз бар. Бұл жай үй емес, бұл бізге сарай, алты бөлме, газ жылыту. Маған тағы не керек? Мен шын жүректен көмек көрсеткендердің барлығына алғыс айтамын, біз мұны мүмкін деп ойлаған да емеспіз «, — деді отағасы Бауыржан Шеңгелбаев.

Отбасына пәтер сыйлаған кәсіпкерлер өздерінің игі істерін бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі екенін айтты.

 

stan.kz