Мәулен Әшімбаев АҚШ елшісімен кездесті

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Тараптар екі ел арасындағы экономикалық, әлеуметтік-мәдени және саяси қарым-қатынас мәселелері бойынша пікір алмасты  

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесті, деп хабарлады парламенттің жоғары палатасының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы экономикалық, әлеуметтік-мәдени және саяси қарым-қатынас мәселелері бойынша пікір алмасты.

Тоқаев: Қазақстанда АҚШ әскери базасын салу мәселесі талқыланбайды 

«Сенат төрағасы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын заңнамалық қамтамасыз етуге бағытталған палатаның жұмысына тоқталып, мемлекет басшысының жаңғыртылған жалпы күн тәртібін сөз етті», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев Қазақстанның демократиялық үдерістерді дамытуды жалғастыруға ниетті екеніне баса мән беріп, екі елдің парламент өкілдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз