Маска тақпағаны үшін айыппұл салу қаншалықты заңды: Заңгер жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Маска тақпағаны үшін айыппұл салу қаншалықты заңды? Таза ауада серуендеуге мұның қатысы бар ма? Бұл туралы қорғаушы Әмір Бегдесенов жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеп. 

Маскасыз жүру - қылмыстық жауапкершілік: Қазақстандықтар нені білуі тиіс

— Қазақстандықтар көшеде маска тағып жүруге міндетті ме ?

— Алматы қаласының бас-санитары айтқан мәлімдемесінде қала әкімдігіне, полиция департаментіне, қоғамдық орындар әкімшілігіне жабық мекемелерде маскасыз жүруге тыйым салуды тапсырған. Осы мәлімдемеге сәйкес қала тұрғындарына емес, бірінші кезекте әкімдікке және полицияға қаратып айтылған. 

— Айыппұл салу дұрыс па?

— Меніңше айыппұл салмауы керек. Заң жүзінде айыппұл әкімшілік құқық бұзушылық кезінде салынады. 

— Ал бұл талап қаншалықты заңды?

— Бұл талаптар жеке кәсіпкерлерге қатысты заңды болуы мүмкін. Мысалы қоғамдық тамақтану орындарынан талап етуі заңды, өйткені келушілердің де талап сай болуы керек. Дегенмен бұл іске қатысты да екі ұшты ой болып тұр. 

— Қоғамдық орында маскасының жоқ болғаны үшін айыппұл салынса, азамат жазадан бастартып, айыппұл төлемей кете ала ма? 

— Мұндай жағдай да сіздің ісіңізді сотта қарауын талап етіп ауызша немесе жазбаша өтніш беруіңіз керек. Осылайша жауапкершілікті жүктеп отырған екінші тарап азаматтың құқығы қорғалатынын түсінуі керек. Сонда айыппұл салмауы керек. сотқа ауы

stan.kz