«Маска тағудың қажеті жоқ»: Алматылықтар жаттығу залында қандай талаптарды сақтауы кереу — Қазақстан жаңалықтары

0

Жандарбек Бекшин Алматы тұрғындары фитнес орталықтарда қандай санитарлық ережелеге бағыну керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі. 

Бүгінгі күннен бастап қаладағы барлық жаттығу залдары өз жұмыстарын бастады. Алматының бас санитарлық дәрігері тұрғындарға қандай талаптар қойылатынын айтып, жеке бастың тазалығын сақтау керектігін жеткізген.

«Барлық нысандар бүгінгі күннен бастап жұмыс істеп тұр. Дегенмен, фитнес орталықтарды, жаттығу залдарында маска тағудың қажеті жоқ. Ең бастысы жалпылама санитайзерлер мен, адамдардың жеке қалта антисептиктері болуы керек. Бұл ең басты талаптардың бірі. Маска тағудың қажеті жоқ», — дейді Бекшин. 

Фитнес-орталықтардың да жұмыс істеу тәртібі бұрынғыдан өзгеше болмақ. Енді жаттығу құрылғыларының арасы алшақтатылып, жаттығу залдары келушілердің тек жартысын ғана қабылдайтын болады.

«Әлеуметтік ара-қашықтық сақталады. 1,5 — 2 метр. Оған қоса, жаттығу құралдарының араларын да алшақтату мәселесін ескеретін болады. Фитнес орталықтар келушілерінің 50% ғана қабылдай алатынын ескерттік «, — дейді Жандарбек Бекшин.

stan.kz