Мас және есірткі әсерінде болған: Оралда мектеп оқушысы жол апатына түсті – Қазақстан жаңалықтары

0

Оралда мектеп оқушысы мас күйінде біреудің көлігін жүргізіп,  жол апатына түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Уральская неделя» сайтына сілтеме жасап

орал

Көлік иесі қызбен әлеуметтік желіде танысқан, бірақ оның жасын білмеген. 

Оралда 15 жасар қыз үйге соқтығысып, қабырғаны құлатқан. Мектеп оқушысы мас күйінде және есірткінің әсерінде болған. Бұл фактіні полиция растады, деп жазады «Уральская неделя».

Жол апаты 6 ақпанда болған. Volkswagen Golf көлігін басқарған кәмелетке толмаған мектеп оқушысы жеке үйдің қабырғасын құлатқан.
Жасөспірімнің қанынан метадонның қалдықтары табылған және қыз мас күйінде болған. Құқық қорғау органдары да бұл фактіні растады.
«Иә, мұндай оқиға орын алды. 15 жастағы қыздың қанынан есірткі мен алкоголь табылды. Қазір полиция істі қарастыруда», – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

Көлік соғылған үйде зейнеткер Лидия Фалина тұрған. Ол апаттың мән-жайын айтып берді.

«Сол кеште біз күйеуімізді еске алуға дайындалып жатқанбыз, кенеттен жарылыс болғандай қатты дауыс естілді, сөйтсек үйге көлік соғылыпты. Полиция қызметкерлері келіп, үйімізді апаттық жағдайда екенін айтты, енді біз онда тұра алмаймыз, өйткені ол кез-келген уапқытта құлап кетуі мүмкін» – деді әйел.

Зейнеткердің айтуынша ол енді қызымен және екі немересімен таныстарының үйінде тұруға мәжбүр. Жәбірленуші әйел көліктің иесі өтемақы төлеуден бас тартып отыр, ал іске байланысты сот ісі әлі болмады, деп налиды.

Ал, көліктің иесі жол апатына байланысты өзінің нұсқасын айтты. Оныі айтуынша ол қызбен әлеуметтік желіде танысып, оны 19 жаста деп ойлаған және жолаушы орынында отырған.

«Сол кеште біз онымен және оның 18 жасар құрбысымен қаланы араладық, содан кейін Атоян стадионының жанына тоқтап, мен он минутқа кетіп қалдым. Келсем қыз рөлде отыр екен, ал мен жолаушылар отыратын орынға отырып, оған сақ болуын өтіндім. Мен өзім ешқашан мас күйінде көлікке мінген емеспін. Ол көлікті оталдырып, кенеттен газ педалін басты- сол сәтте біз қабырғаға соғылдық. Мен ешнәрсе істеп үлгермедім және қыздың мас, әрі есірткі әсерінде болғанынан бейхабар едім»,- деді ол.

Көлік иесін жүгізуші куәлігінен айырған, алайда қанша мерзімге екені соттан кейін белгілі болады.

Мамандар Фалиндердің отбасына келтірілген зардапты бағалады. Соттың өтетін күні әлі белгісіз.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз