Маңғыстауда коронавирус жұқтырған екінші науқас қайтыс болды

0

9 маусымда ер адамның жүрегі тоқтап қалған. Бұл факт әзірге ресми статистикада есепке алынбады. Науқас пневмонияның ауыр түріне шалдыққаны, қант диабетімен ауырғаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас қайтыс болды, деп хабарлады өңірлік Lada басылымы. Ол 1966 жылы туған ер адам.

29 мамырда науқастың дене қызуы 38 градусқа дейін көтеріліп, жөтел басталған. Келесі күні ол дәрігерге қаралған, оны көпсалалы провизорлық стационарға орналастырды, деп хабарлады сайт облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына сілтеме жасап.

Коронавирусқа тест оң нәтиже көрсеткен. Ер адам жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды.

9 маусымда науқастың жүрегі тоқтаған. Оның пневмонияның ауыр түрімен және қант диабетімен ауырғаны анықталды.

Coronavirus2020.kz ресми сайтында бұл өлім туралы әзірге ақпарат жоқ.

Оқи отырыңыз: Бекшин Алматыда коронавирус жұқтырғандардың көбею себебін түсіндірді 

Маңғыстауда сәуірдің соңында әскери бөлімшелердің бірінде қызмет еткен 1980 жылы туған ер адам, бес баланың әкесі қайтыс болды. Төтенше жағдай кезінде ол қаланы дезинфекциялау жұмыстарына қатысқан.

Маңғыстау облысында 343 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, оның 196-сы сауығып шықты.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз