Маңғыстау облысында бүгіннен бастап карантин күшейтілді

0

Сауна, монша, кинотеатрлардың жұмысына тыйым салынған, қалалар мен ауылдар арасында жүріп-тұру тағы да шектелді

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысында коронавирус жұқтыру өсімі жеті процентке жеткендіктен, карантиндік шаралар күшейтілді. Ашылған кәсіпорындар қайтадан жұмысын тоқтатуға мәжбүр.

Қоғамдық коммуникациялар орталығынан хабарлағандай, Маңғыстау облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты мына нысандардың жұмысына тыйым салынды:

  • кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, интернет және компьютер клубтары;
  • ойын мекемелері;
  • түнгі клубтар, кальян тарту орындары;
  • ойын-сауық нысандары (букмекер, бильярд, караоке, ps-клубтар, квест, боулинг орталықтары және тағы басқа);
  • мейрамханалар, дәмханалар, банкет залдары;
  • жекелеген нөмірлер мен кабиналарды қоспағанда, моншалар мен сауналар;
  • балалар аттракциондары.

Сонымен қатар, қалалар, аудандар мен ауылдар арасында облыс тұрғындарының жүріп-тұруы шектелді. Қалалар мен аудандарда ішкі қоғамдық көлік жұмысына таңертең 06:00-ден 10:00-ге дейін, кешке 17:00-ден 21:00-ге дейін рұқсат етілді.

Тағы оқыңыз: Шымкентте карантин мерзімі 22 маусымға дейін ұзартылды

Мәдени, басқа да бұқаралық, отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынды.

Бұдан бөлек, кәмелетке толмаған балаларға ересектердің қарауынсыз жүруге, халық көп жиналатын орындарда, соның ішінде қоғамдық көлік пен дүкендерде маскасыз жүруге болмайды.

Мешіттерде жамағатпен оқылатын жұма намазына шектеу енгізілді. Жеке құлшылық кезінде адамдар арасында кемінде 1,5 метр ара қашықтық сақталуы тиіс.

Карантин режимі мен мерзімі коронавирустың таралуына қатысты жағдайға байланысты өзгереді.

Бұған дейін Алматыда карантиндік шаралар күшейтілетіні хабарланған еді. Бассейндер, жағажайлар, кинотеатрлар мен шипажайларды ашу мәселесі әзірге қаралып жатқан жоқ.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз