Маңғыстау облысында автокөлік түйемен соқтығысып қалды

0
24 Қараша 2018, 13:15 298 0

Фото: lada.kz

Астана, BAQ.KZ. Ақтау – Жетібай тас жолында автокөлік түйемен соқтығысып, апаттан бір адам қаза тапты. Бұл туралы Lada.kz басылымы хабарлады.

Көлік апаты 21-нен 22 қарашаға ауған түні Ақтау – Жетібай тас жолында болды. Toyota Hiace автокөлігі түйемен соқтығысып, соның салдарынан түйе көлік ішіне кіріп кеткен.

Жол-көлік апатының салдарынан 1999 жылы дүниеге келген адам қаза тапты. Қалған зардап шеккен екі адам Жетібай аудандық ауруханасына жатқызылды.

Ер мен әйел ауруды қабылдайтын бөлмеге жеткізілді. Ер адам медициналық көмек алғаннан кейін ауруханаға жатудан бас тартты, ал әйелді Маңғыстау облыстық ауруханасына апарды.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ