«Мәңгі жас»: австриялық блогер сұлулық құпиясымен бөлісті – Қазақстан жаңалықтары

0

Австралиялық Даниэлла Гринтри (Danielle Greentree) 46 жасында 20 жасына қарағанда қалайша жас көрінетіндігінің құпиясымен бөлісті. Бұл туралы Fox News ақпараттық порталы жариялады деп хабарлайды Stan.kz.

Гринтри үш жылдан бері тревел-блогер ретінде Instagram  желісінде танымал. 

Оның 90 мыңнан астам оқырманы бар. Желі қолданушылары оның саяхаттаған елдеріне ғана қызығып қоймай, Даниэлла Гринтридің мінсіз дене мүсінін қалай сақтап қалғаны жайлы сұрақтар мен хаттарды тынымсыз жазатын көрінеді. 

Блогердің өзі бұл сұлулықтың құпиясы «жақсы гендер, саяхаттардағы оқиғалар және салауатты өмір салты»екенін мойындады.

Австралиялық сұлудың айтуынша, қайта өңделген азық-түлік емес, жеміс-жидек, көкөніс және балықты жегенді жөн деп санайды екен. Ол үнемі спортпен шұғылданады және барлық жаттығуларды өз салмағына сай  тренажерлар, гантель немесе штангалардың көмегімен жасайды. Жүгіру, жүзу, йога және пилатес Гринтридің сүйікті спорт түрлері.

Бұдан басқа, ол сирек боянатынын, бірақ әрдайым күннен қорғайтын крем  пайдаланатынын атап өтті. Сонымен қатар, Гринтри косметикалық құралдар мен азық-түліктің құрамына өте  мұқият оқитынын басып айтты.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз