Мамин Тоқаевқа есеп берді

0

Мемлекет басшысы дағдарыс салдарын еңсеру міндетін қою үшін шілде айында үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізуді жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет басшысы Асқар Маминнің есебін тыңдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президентке биылғы 5 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес жұмыстары және санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды жақсарту жөнінде есеп берілді.

Сонымен қатар, дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылуы, 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспардың орындалуы және 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының әзірлену барысы туралы баяндалды.

Мамин Тоқаевқа коронавирус пандемиясының салдарынан әлемдегі іскерлік белсенділіктің бірден төмендеуіне байланысты биылғы қаңтар мен мамыр аралығында ұлттық экономиканың өсу қарқыны, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда, 1,7% төмендегенін айтты.

Тағы оқыңыз: Тоқаев бас прокуратура, ҰҚК және ІІМ басшыларымен кеңес өткізді  

Үкімет басшысының мәліметі бойынша, экономиканың бірқатар саласында, атап айтқанда, тау-кен өндірісі, өңдеу, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету салаларында, сондай-ақ, негізгі капиталға инвестиция тарту бағытында өсімнің оң қарқыны байқалады.

Премьер-министр барлық сала бойынша көктемгі егіс жұмыстарының толық аяқталғаны туралы да мәлімет берді.

Бұдан бөлек, ол президентке халықты жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді шаралары биыл еліміздің 1,22 миллион азаматын қамтитынын жеткізді.

Тағы оқыңыз: «Президентке қауіп төніп тұрған жоқ»: Берік Уәли жайсыз жаңалық жариялады

Мемлекет басшысы Қазақстанның бірінші жартыжылдықтағы даму қорытындыларын талқылап, дағдарыс салдарын еңсеру міндетін қою үшін биылғы шілде айында Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізуді жоспарлап отыр.

Кездесу қорытындысы бойынша Тоқаев Маминге экологиялық туризмді дамыту жөнінде және басқа да бірқатар нақты тапсырма берді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз