Макгрегор Қазақстан туралы сұраққа жауап берді

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Конор Макгрегор қазақстандық боксты жоғары бағалап, сүйікті тағамы және UFC-ге қашан оралатыны туралы айтты  

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Аты аңызға айналған ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор Киевте өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық спортшылар туралы пікір білдірді.

«Қазақстандық аралас жекпе-жек шеберлері жайлы естімедім. Қазақстанда бокс өте жақсы дамығанын және еркін күрес секілді бай тарихы бар екенін білемін. Дегенмен қазақстандық файтерді  кездестіргенім есімде жоқ. Егер мені шақырсаңыздар, Қазақстанға баруым мүмкін», – деп жауап берді ирландиялық ММА-дегі қазақстандықтар туралы сұраққа.   

Сондай-ақ Конор жақын арада UFC-ге оралып, жаңа қарсыластарын жариялайтынын айтты.

Макгрегор сегізбұрышқа соңғы рет 2018 жылдың қазан айында шықты. Ол кезде ресейлік Хабиб Нурмагомедовтан жеңіліп қалды, жекпе-жектен кейін спортшылар командалары арасында төбелес болып, салдарынан екі спортшы да шеттетілді.

Тағы оқыңыз: Головкин Нурмагомедовтің жеңісінен кейін шаршы алаңға «шығып кетті»

Сонымен қатар, Макгрегор өзінің сүйікті тағамы әйелі пісіретін киевше котлет, ал сүйікті сусыны виски екенін айтты.

UFC экс-чемпионы Украинаға Parimatch компаниясының арнайы шақыруымен ұшып келді. Баспасөз конференциясы белгіленген уақыттан үш сағат кешігіп басталды, спортшы қалың тұманға байланысты уақытында келе алмаған.   



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз