Мәйітханалар толып кеткен: Италияда коронавирустан көз жұмғандардың саны 7 мыңнан асты – Қазақстан жаңалықтары

0

Италияда коронавирустан көз жұмғандардың саны жеті мыңнан асты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Италия

Әлем бойынша ауруға шалдыққан 400 мың адам тіркеліпті. Індет 18 мың адамның өмірін қиған. Олардың көбі Италияда, Қытайда, Испания мен Францияда. 

Италияда бір күнде коронавирустан бақилық болған адамдардың саны 743-ке жетіпті. Осы уақытқа дейін жұқпалы індет 7 мың адамның өмірін жалмап үлгерген. 

Қазіргі таңда марқұмдарды көруге олардың туыстарын жолытқызбайтын сыңайлы. Себебі бұл жағдай инфекция таралуын арттырады.  Қайтыс болғандарды көмуге де тыйым салыныпты. Көз жұмғандардың көптігі сонша жергілікті мәйітханалар толып кеткен. 

Десек те Италия билігі атқарылып отырған шаралар ауруды ауыздықтауға көмектесуде дейді. Бір тәулікте тағы 3000 адам коронавирусқа шалдығыпты. 
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз