Лукашенко Тоқаевтың саясаты қандай екенін айтты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Беларусь елінің президенті Александр Лукашенко Қазақстанға сапары қарсаңында отандық телеарнаға сұқбат берді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан — Sputnik. Қазақстан және Беларусь халқының ортақ тұсы көп. Беларусь елінің президенті Александр Лукашенко отандық телеарнаға берген сұқбатында осындай ойымен бөлісті.

Қазақстанға сапары қарсаңында Александр Лукашенко «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Бекхожинмен сұқбаттасты.

«Қазақстан мен Беларусь елінің қарым-қатынасы Лукашенко-Назарбаев қарым-қатынасымен ғана байланысты емес. Тың игеру кезінде белорустар қазақ жерінде жұмыс істеді, біразы қалды. Біз тек достыққа негізделген саясат жүргізуге тиіс болатынбыз «, – деді Александр Лукашенко.

Сондай-ақ, Беларусь елінің президенті әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевпен қарым-қатынасына да тоқталды. Оның айтуынша, Тоқаевтың саясаты тек Қазақстанды ғана емес, барша ЕАЭО-ны дамытуды жалғастыруға бағытталған.

«Мен Тоқаевты Қасымаке деп атаймын. Ол өте жұмсақ, сауатты, Қазақстанды сүйетін саясаткер. Ол тек жалғастырып қана қоймай, еселендіре түседі», – деді Лукашенко.

Тағы оқыңыз: Ресейлік дипломат Тоқаев қытай тілінің арқасында қандай ерлік жасағанын айтты

Александр Лукашенко 24-25 қазан күндері Қазақстанға ресми сапарымен келеді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер өткізеді деп күтіліп отыр.



sputniknews.kz