Лукашенко Беларусь үкіметін отставкаға жіберді

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Премьер-министр Сергей Румас бастаған министрлер кабинеті 2018 жылдың тамыз айында жұмысқа кіріскен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко сәрсенбі, 3 маусым күні кешке үкіметті отставкаға жіберді.

Беларусь президенті үкіметтегі кадрлық ауыс-түйіс туралы аптаныңбасында хабарлады. Дүйсенбі күні президент әкімшілігі және қауіпсіздік кеңесі жетекшілері, парламенттің екі палатасының өкілдерімен отырыс өткізді. Жиында кандидатуралар талқыланды, деп хабарлады Sputnik Беларусь.

Премьер-министр Сергей Румас бастаған министрлер кабинеті 2018 жылдың тамыз айында жұмысқа кіріскен болатын.

Тағы оқыңыз: Лукашенко Тоқаевтың саясаты қандай екенін айтты

Беларусь елінің заңнамасына сәйкес, премьер-министрді президент тағайындайды. Алайда депутаттар қолдауы тиіс. Егер Румас өзінің орнында қалып, вице-премьер немесе министрлер ғана ауысатын болса, депутаттардың кандидатураны мақұлдауы қажет болмайды.

Парламент палаталарының алдағы отырысы 4 маусымда өтеді. 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз