Ливияға әлі күнге қару беріп отырғандар бар

0

Біріккен ұлттар ұйымының Ливияға қолдау көрсету миссиясы (UNSMIL) қару беруді тоқтату туралы 19 қаңтарда Берлинде келісім жасалғанына қарамастан Ливияға қару тасу тоқтамай отырғанын мәлімдеді.

UNSMIL хабарына қарағанда, Ливиядағы жанжалдасушы тараптарға қазіргі заманғы қару-жарақ беріп отырғандардың ішінде Ливиядағы жағдайды реттеу туралы Берлин келісіміне қол қойған елдер де бар. Мәлімдемеде бұл елдердің аты аталмаған.

Бітім жасалғанына қарамастан маршал Халиф Хафтар бастаған Ливия ұлттық армиясы Мисрат қаласына шабуылдап жатыр. AP агенттігінің мәліметінше, 26 қаңтар Хафтар әскері Триполидің негізгі қорғанысы саналатын қалаға шамамен 120 км жақындаған деп хабарлайды «Неміс толқыны».

Қаңтардың 19-ына Ливия мәселесі бойынша халықаралық конференция өтіп, оған Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Түркия, Қытай, Ресей, Біріккен араб әмірліктері, Конго, Египет, Алжир қатысқан. Конференцияға БҰҰ, Еуродақ, Африка одағы мен Араб мемлекеттері лигасының өкілдері келген.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз