Ләйлә Сұлтанқызы атышулы «91» тобына «Алпамыс» жырын жатқа айтқызбақшы – новости Казахстана

0

Ләйлә Сұлтанқызы «Алпамыс» жырынан үзіндіні жатқа айтып көпшілікті таңырқатты. Танымал тележүргізуші «Тұлпар мініп, ту алған» атты эстафетасын өзінен кейін Мәдениет және спорт министріне, жүргізуші Алмас Алтайға және атышулы «91» тобына жолдаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram Коллаж: NUR.KZ

Фото: Instagram Коллаж: NUR.KZ

Бұл туралы Ләйлә Сұлтанқызы өзінің Instagram парақшасында хабарлаған.

Эстафетаны танымал жүргізуші «Атамекен» телеарнасының басшысы Қанат Шахарияновтан қабылдапты.

Жоба аясында «Алпамыс» жырынан үзінді айту тапсырмасын сәтті орындап шыққан Сұлтанқызы оны ары қарай ерекше стильмен танылған «91» тобына жолдады.

Көпшілік енді бұл эстафетаны «Ninety one» тобының қабылдап алуын көруге асық.

Айта кетейік, бұған дейін бұл эстафета аясында «Алпамыс» жырын жатқа айтқан мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл туралы жазған болатынбыз.

Оған қоса, жобаға ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев та қатысқан болатын.


Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!