Ләйлә Сұлтанқызы ағасы жайлы: Намаз оқы дегенде оқымаушы едім, осыдан жазылшы айтқаныңның бәрін істеймін

0

Ел ішінде тараған аты жаман дерт байды да, кедейді де аямады. Танымал жандар да жақындарының осы аурудан ауырып жатқанын айтып, сақтыққа шақырып жатыр. Бұл ретте Ләйлә Сұлтанқызы ағасының төсек тартып қалғанын жеткізді. Жақындарыңызға жанашыр болыңыз деген кеңесін айтты.

«Қазір жағдай ауыр. Қиналған жұрт. Жақынынан айырылған, жақыны ауырып алаңдаған халық. Бұл дерт біздің отбасымызға да келді. 44 жастағы туған ағам инсульт алып құлады. Жансақтау бөліміне түсті. Бұл ауруға тікелей қатысы жоқ болса да, әсері бар секілді. Вирус адамның осал жеріне жабысатынға ұқсайды.

Ағам 15 жасынан бастап намаз оқып, дін жолына түсті. Маған намаз оқы деп айтатын. Тыңдамаған соң «үйдің жалғыз қызы ғой» деп қоя салатын. Ағатай, осыдан жазылып шықшы, айтқаныңның бәрін істеймін», – деп ағынан жарылды тележүргізуші парақшасында.

Бұған алаңдаған жұрт жақсы тілеп жазып, шипа тіледі. Тележүргізушіге сабырлық тілеп, дұға етті.


Бір миллион қазақстандыққа азық-түлік алу үшін ақша төленеді – Асқар Мамин


«Ағама шипа тілеп, жақсы тілектерін жазып жатқан барша жанға алғыс айтамын. Менің ғана емес, қанша адамның басынан өтіп жатқан жағдай. Алла шипасын берсін. Дәрігерлер де дөп басып айта алмады. Бір апта уақыт ұйқыда болады деді. Бәріміз құдайдан дұға етіп отырмыз.

Жақын адамдарыызға жақсы сөз айтудан, қамқор болудан шаршамаңыз. Ата-анадан, бауырдан асқан жанашыр жоқ», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз