Күзгі бал – 2018 сайысы — Сценарилер — Bilim

0

Күзгі бал – 2018 сайысы

Қостанай облысы Федоров ауданы

Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Успенов орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Большой Акку

Жүргізуші:

Қайырлы күн достар! Күз патшайымы сіздерді соңғы сиқырлы сәтін, күзгі гүлдердің керемет жұпарын, жиналған жемістердің айқын да сиқырлы сұлулығын, әрине күзге тән ойшыл және сонымен қатар қуанышты көңіл күй сыйлау үшін шақырды.

Армысыздар ағайын, құрбы – құрдас,

Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас.

Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғайық! – дей келе, құрметті көрермендер бүгінгі дәстүрлі Күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Біздерде ойын сауық басталады,

Тамаша күй тартылып ән салады.

Қошеметтеп қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар!

Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару.
Жүргізуші:

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,

Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.

Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең ғып,

Еріксіз өзімізге қаратармыз, — дей отырып ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз! ———————-

Жүргізуші:

Әділ – қазы береді,

Өздеріңе сыйлықты.

Бізге айтып береді,

Кім өнерші, кім мықты? – деп, әділ – қазы алқасымен таныстырып өтейік.

Әділ–қазылар мүшелері.

Директордың оқу-тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары – Тиловай Элеусіз.

Музыка пәні мұғалімі – Жусупов Нургали Амирбекович.

Әділ қазылар әр турды бағалап отырасыздар.

Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,

Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.

Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,

Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз.

Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп байқау шарттарымен таныстырып өтелік

1 – тур: «Таныстыру»

2 – тур: «Күзгі вальс»

3 – тур: «Өнерің өрге жүзсін»

4 – тур: «Сән үлгісі».

– Ал қатысушылар сіздерді сахна төрінен шығарып салайық.

Сонымен алғашқы сайысымызды бастаймыз «Таныстыру» сайысы!

Ортада 1 – ші жұп!

Жүргізуші:

Шалқып, тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Бүгінгі күз кешінде

Би билейік бәріміз, – деп келесі 2 – тур: «Күзгі вальс»

Ортаға үш жұпты билеуге шақырамыз. Содан кейін келесі екі жұп билейді

Ән көңілдің ажары демекші ортаға Еркем-ай тобы қыздарының орындауында «Жылайды жапырақ» әні қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:

Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,

Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,

Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей,

Жұптарға сөз берелік біз жекелеп, дей келе «Өнерің өрге жүзсін» сайысын бастаймыз! Әр жұп өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады.

Ал, әділ қазылар өнерінің бағасын беріп отырайық.

Ортада «Арман» тобының орындауында «Өзбек биі» қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:

Модельер болу оңай ма?

Қиналып жатсаң мұңайма.

Әр мамандық өзгеше,

Өз мәнінде, шырайда, – деп келесі кезекте «Сән үлгісі» сайысы. Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек қатысушылар табиғи материалдарды пайдалана отырып әр түрлі киім үлгілерін жасайды.

Әділ қазылар алқасы жауабын айтқанша көрермендермен ойын өткіземіз.

– Ал көрермен ата-аналар, сіздер ойын ойнауға қалай қарайсыздар?

– Дайынбыз, жақсы ойнайық (ата-аналардың жауабы)

– Онда ортаға қатысушы жұптардың ер балалары мен және олардың аналарын шақырамын.
Жүргізуші:

Тапсырма мынадай: менің қолымда жапырақтар бар, олардың артында әр түрлі суреттер берілген соның біреуін таңдап алып, өз балаңызға ыммен түсіндіру керексіз. Түсіндіріп, баласы дұрыс жауап бергендер ойыннан шыға береді. Ал таба алмаған оқушының ата-анасы әрі қарай ойынды жалғастырады яғни басқа жапырақтарды алып ыммен көрсетеді.

Жүргізуші:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізетін мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

«Күзгі бал» байқауын қорытындылау мақсатында сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. Ендігі кезек әділ қазыларда!

———————————
Жүргізуші:

Осылайша «Күзгі бал» сайысы өз мәресіне жетті. Ең бастысы жоғарыда айтып кеткенімдей біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару. Олай болса олар да анықталды.

«Күз ханзадасы»:

«Күз ханшайымы»:
Жүргізуші:

Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,

Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.

Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,

Ұстауым менің, достарым менің

Бәрінде аман болыңдар!

Осымен «Күзгі бал» атты кешіміз аяқталды! Көріскенше, қош — сау болыңыздар!