Күйеуімді дуалап алды – Қазақстан жаңалықтары

0

Меркі қаласының тұрғыны Ахмет Рәтов айрандай ұйып отырған отбасын тастап кеткен. Ахметтің  анасы Пернегүл Айымбетова баласының соңғы төрт жылда қатты өзгеріп кеткенін айтып, басын бөгде әйел дуалап алған деген ойда. Тату отбасын іріткен көңілдес пе, әлде екі жастың арасындағы махаббат оты сөнді ме? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеп хабарлайды.

"Күйеуімді дуалып алды":

2015 жылдан бастап Ахмет Рәтов отбасында ұрыс жанжал туғызып, әйелі мен балаларына көңіл бөлуді қойған. Біраз уақытқа үйге қонбауды да әдетке айналдырған. Баласының бұлай өзгерген күйінген ана Ахмет Рәтовты апармаған емшісі қалмаған. Бәрінің айтатыны балаңның басында дуа бар деген әңгіме. Анасы мен әйелі Баян есімді құдашасынан күдіктенеді. Ол да күйеуінен ажырасып отырған келіншек екен. 

«Анасы айтып жатыр ғой дуалап алған деп. Мен дуалап жатқан жоқпын. Дуакештерге ақшамды құртқанша, өз балаларыма тамақ, тәтті алғаным жақсы деп ойлаймын. Мен ондай жерге барған емеспін, бармаймында», – деп бәрін теріске шығарды Баян Шүкірәлиева. 

Өзінің заңды әйелі Бұлбұл Рәтоваға күйеуінің көңілдесі «күйеуің сені қаламайды» деген сынды түрлі сөздер айтатын көрінеді. Ахмет Рәтов қазіргі әйелінен бұрын екі рет үйленіп түрлі себептеремен ажырасқан екен. Бұрынғы әйелдерінен екі баласы да бар. Осындай қиын тағдырын біле тұра Рәтовке тұрмысқа шыққан Бұлбұл Рәтова отбасын сақтап қалу үшін күйеуін кешіретінін, барлығын ұмытатынын жария етті. 

«Отбасына оралуын тілеймін. Осы уақытқа дейін істеген қателіктерін кешіруге дайынмын, себебі мен оны қатты жақсы көрем. Балаларын жетімсіретпесе екен. Басқа біреудің балаларын баққанша, өз балаларын бақса екен», – дейді шарасыз әйел. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз