Көршісі 5 бірдей кісіні атып тастаған ер адам туралы айтып берді

0

Ресейде

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Ер адамның көршісі оның «біртүрлі» адам болғанын айтып отыр. Алайда бірнеше апта бұрын адамдарды атқан адам көршілеріне көмектесіпті

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Ресейдің Рязань облысында ер адам бес бірдей адамды атып өлтірді, деп хабарлайды РИА Новости.

Ер адамның көршісі оның «біртүрлі» адам болғанын айтып отыр. Ол кешкі сағат он кезінде оқ атқан дыбыс естілгенін айтты.

1988 жылы туған ер адам 4 сәуір күні балконға шығып, далада қатты сөйлесіп тұрған адамдарға ескерту жасаған. Алайда олар бұған құлақ аспаған. Сөзге келіп қалып қалған ер адам мылтығын алып шыққан. Ол үйдің крңберісіне шығып, төрт жігіт пен бір қызды атып тастады. 

Тағы оқыңыз: Көзіне дәл тиген — Алматы облысы полиция бастығының орынбасарына оқ атты

Бәрі оқиға орнында көз жұмған. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.



sputniknews.kz