Көрші елде коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеді

0

Ресейде COVID-19 инфекциясын жұқтыру өсімі 5,9%-тен 3,5 процентке дейін төмендегені хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты жиын өткізді. 

«Соңғы ақпаратқа сәйкес, Ресейде коронавирусқа байланысты жағдай тұрақталып келеді», – деді ол.

Ол Мәскеу мен бірқатар өңірде күн сайын вирус жұқтыратындар саны азайғанын айтты.

«Әзірге бұл динамика біз күткендегідей емес. Осыдан бір апта бұрын Ресейде COVID-19 инфекциясын жұқтыру өсімі 5,9% болатын. Бұл көрсеткішке 3,5 процентке дейін төмендеді», – деді ол. 

Соңғы тәулікте көрші елдегі 84 өңірде 8 894 адам коронавирус жұқтырды. 150 адам көз жұмған.

Барлығы Ресейде 326 448 адамда COVID-19 расталған. 3 249 адам қайтыс болған.

Қазақстанда барлығы 7 597 адам індетке шалдықты, 4 096-сы жазылып шықты. 35 науқас көз жұмды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз