Коронавирустың ағзаға деген ауыр ықпалы анықталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирустың асқынған түрі қандағы эритроциттерге кері әсерін тигізуі мүмкін. Инфекция тудырушылар қан гемоглобинына зақым келтіріп, бірқатар аурулардың пайда болуына әкеп соғуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

зертхана

Бұл туралы Hematology, Transfusion and Cell Therapy журналында жазылыпты. 

Ғалымдардың пайымдауынша, сырқаттанып, өкпе қабынуының ауыр түріне шалдыққандарға, тіпті, жасанды тыныс алу аппараты да көмектеспеуі мүмкін. Себебі олардың қан гемоглобиндері біршама азайып кетеді. Сол себепті мамандар науқастардың ең алғаш гемоглобин мөлшерін тексеруді ұсынады. Егер оның азайғаны анықталса, ауру жұқтырғандардың денсаулығына алаңдай бастаға жөн. 

«Осы жағдайға байланысты тексерістер жасалып, науқасқа қан құюдың қаншалықты көмектесуі мүмкін екендігі бағалануы қажет. Бұл жағдай аурудың асқынып кетуінен сақтауға және оның арты өлімге алып келмеуі үшін маңызды», —  дейді сарапшылар. 

Еске салайық, бұған дейін америкалық университеттің профессоры індеттен емделіп шыққандардың ағзасына коронавирустың кері ықпалы жайлы айтқан болатын. 

 

stan.kz