Коронавирустан қайтыс болған елге танымал адамдардың тізімі жасалды

0

«Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Анар Төлеухан коронавирустан қайтыс болған елімізге танымал, белгілі адамдардың тізімін жасады.

Аты өшкірдің құрбаны болған елге белгілі, әр салада ұлт үшін еңбек еткен,  еліне елеулі асылдардың тізімін жасайын дедім. Бұл тарих үшін,  ұлттық жадымыз үшін керек. Иманнан жарылқасын құрбандарды. Сіздер толықтырыңыздар, – деп жазды ол Facebook парақшасында.

Тізім төмендегідей:

1. Кеңес Дүйсекеев-композитор;
2. Берік Исмаилов-дизайнер;
3. Еділ Ерғожин-х.ғ.докторы;
4. Мұрат Мыңбаев-т.ғ.докторы;
5. Саябек Зиядин-э. ғ. докторы;
6. Жолдасбек Дуанабай-журналист;
7. Сайранбай Дөненбаев-Еңбек ері;
8.Жалғас Кеңесов-композитор;
9.Дархан Дайырбек-әртіс;
10.Қуандық Шамахай-жазушы;
11.Қалдыбай Әбенов-режиссер;
12.Сансызбай Бекболатов-театр қайраткері;
13.Әприза Құсайынова-қоғам белсендісі;
14.Үмітхан Алтаева-журналист;
15.Сләмбек Жұмағали-режиссер;
16.Қайрат Дүйсен-ақын;
17.Әбдіғани Құдайбергенов-дәрігер;
18. Қырықбай Аллаберген-т. ғ. докторы;
19.Тұяқ Ысқақов-аңшы;
20.Клара Жұмабайқызы-Кекілбаевтың жары;
21.Көпжасар Нәрібаев-академик;
22.Жанат Халықов-журналист;
23.Гүлжазира Алдашева- Ақтау қаласы әкімінің орынбасары;
24-Ұзақ Серікбаев-зейнеткер, көп жылдары Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылының әкімі болған, соңғы қызметі Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бөлім бастығы;
25.Қошмұрат Серікбаев – мемлекеттік қызметші, ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының Мұнайлы аудандық бөлімшесінің басшысы;
26.Бақытжан Торбаев – Қостанай облысы, Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары;
27.Мираш Тәшетов-Арқалық қаласының құрметті азаматы;
28.Диас Омаров- спорт комментаторы;
29.Жанат Ахмади-жазушы;
30.Қаракөз Ақдәулетова-әнші;
31.Қайрат Баймұхамедов-Алматы облысының санитар дәрігері;
32.Серікжан Бескемпіров-облыс әкімінің орынбасары;
33. Гүлбарам Садуақасова-Қорқыт Ата университетінің профессоры,ж/т ғылымдарының докторы;
34.Талғат Орманов – ақын;
35.Әкім Нұрсапаұлы-аңшылық,саятшылық өнер білгірі;
36.Әлібек Наурызбаев – баспагер;
37.Қуанышбай қажы Жұмабайұлы-шежіреші;
38.Раис Бадретдинов-велоспорт жаттықтырушысы;
39.Әбдуғаппар Сманов-дін қайраткері;
40.Зəкария Сманов-ағайындылар
41.Абдулла Сапаров-академик;
42.-43.Сақан Елеусізов жұбайымен-ұзақ жыл мектеп директоры болған,  ұстаз;
44.Мұрат Құдашев – Маңғыстау облысы,  Мұнайлы ауданы жер бөлімінің басшысы;
45. Мұрат Мұқашев-каскадер;
46.Сырым Кәрімов-журналист;
47.Камал Қонқараев-фокусшы;
48.Сапар Оспанов – философия ғылымдарының докторы, профессор;
49.Шәйза Омарова – ардагер-ұстаз
50.Владимир Дорошенко – Астана қаласы кинофикациясының экс-директоры;
51.Омарбек Нұржанов – Түркістан облысы және  Мақтаарал ауданының құрметті азаматы;
52. Үбайдулла Үмбетаев- ауыл шаруашылығы ғылымдарының академигі, мақтаның қазақстандық сортын ойлап тапқан белгілі ғалым;
53. Қайролла Мұқанов-мәдениет қызметкері;
54.Ісенбай Сандібаев- психолог;
55.Мәжит Бекмағамбетов-Торғай өңіріне белгілі  құрылыс инженері;
56.Сағынжан Дильманов – Ақтөбе обылысының Хромтау қаласы кенішінің ардагері;
57.Аман Әжібаев-бокс хабарлаушысы;
58.Қайрат Мамаділов-Еуразия университетінің филология факультетінің деканы;
59.Қалихан Қозыбағаров-Ақтөбе инфекциялық ауруханасының бас дәрігері;
60.Анапия Мендешулы-тарихшы, шежіреші;
61.Жолдас Төлегенов-қайраткер, Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы;
62.Әнуарбек Бейсе-журналист, «Ұстаз нұры информ» газетінің бас редакторы;
63.Батырхан Сағынтаев- желтоқсаншы;
64.Дәуренбек Әубәкір – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз