Коронавирустан көз жұмған Павлодар тұрғынын қалай емдеді — Қазақстан жаңалықтары

0

Павлодар қаласының 48 жастағы тұрғыны денсаулығының нашарлауына, тыныс алудың, жөтелдің,  жауырынның астындағы ауырсыну шағымдарына байланысты ауруханаға жатқызылды, он күннен кейін ол көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, 1962 жылы туған ер адам дәрігер-фтизиатрда диспансерлік есепте тұрған, тұрақты түрде облыстық туберкулезге қарсы диспансерде стационарлық емдеу курсынан өтіп, тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық ем алған.

29 мамырда ол дәрігер-фтизиатрға жүгінді, денсаулығының нашарлауы, дене жүктемесі аз болған кезде ентігу өсіміне, қақырықпен жөтелге, оң жақ жауырынның астындағы аймақта қатты ауырсынуға шағымданады. COVID-19-ға сынама алынды.

Жағдайының нашарлауына байланысты оны облыстық туберкулезге қарсы диспансердің терапевтік бөліміне стационарлық емдеуге жіберді.

COVID-19-ға сынама 2020 жылдың 03 маусымында оң болды. Одан кейін ол бірден инфекциялық стационардың реанимациялық бөліміне жатқызылды. Сол күні ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, пациентке барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді, қажетті мамандардың кеңесі ұйымдастырылды және күн сайын Нұр-Сұлтанның шұғыл медицина ұлттық үйлестіру орталығының сарапшылар тобымен консилиум өткізілді. Емдеу бекітілген стандарттарға, ауруларды диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес жүргізілді.

Медициналық ведомствоның хабарлауынша, қарқынды терапияға қарамастан, 9 маусым күні сағат 8:00-де пациенттің биологиялық өлімі анықталды.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес, өлім себебі коронавирус ретінде тіркелген.

stan.kz