Коронавирусқа қатысты Гонконг тұрғындарына 1300 доллар ақша табысталады – Қазақстан жаңалықтары

0

Гонгонг билігі тұрғындардың жағдайына бей-жай еместігін көрсету мақсатында оларға қаражат бөлетіндігін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Гонконг

Жергілікті үкіметтің мәліметіне сүйенсек, 7 миллионнан астам 18 жастан асқан Гонконг азаматтарына 10 мың гонгонгтық доллар (шамамен 1,3 мың АҚШ доллары) табысталады екен. 

Қаладағы толқулар мен бас көтерулер, екі айдан бері өршіп тұрған коронавирус індеті Гонконг экономикасына соққы болып тиген көрінеді. Қазірдің өзінде қалада 81 науқас тіркеліп, екі адам аурудан көз жұмған. 

«Биыл Гонконг экономикасына бірнеше жерден ауыртпашылық түсті. Осы тұрғыда 18 жастан қала тұрғындарына 10 мың гонконгтық доллар тағайындауды жөн көрдім. Осылайша біз гонконтықтарға деген қамқорлығымызды көрсеткіміз келді», – деп мәлімдеді қаланың қаржы министрі Пол Чан. 

Бұл шараға 120 миллиард гонконгтық доллар (2,5 миллиард АҚШ доллары) бөлініпті. Сонымен қатар мемлекеттік баспаналардың төлемақысын төмендету, кәсіпті тегін тіркеу сынды бірқатар жеңілдіктер қаратырылыпты. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз