Коронавирусқа қатысты 1500-нан астам шетелдіктің Қазақстанда жұмыс істеуіне тыйым салынды – Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда 2020 жылдың ақпан айында карантинге қолайсыз мемлекеттердің 1543 азаматына елімізде жұмыс істеуіне тыйым салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекеттік қызметкерлер

Бұл туралы еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. 

«Коронавирус індетінің жаппай таралуына байланысты елімізге жұмыс істеуге келіп жатқан және осы уақытқа дейін қызмет атқарып келген шетел азаматтары қатаң бақылауда. Олардың 7260-ы коронавирусқа қолайсыз бірінші, екінші және үшінші санаттағы елдердің азаматтары. Қосымша сақтық шаралары жүргізілді», – деп мәлімдеді министр.

Оның сөзінше, ақпан айында 1543 шетелдік ҚР-да жұмыс істеуге рұқсат алмақшы болған. 

«Оларға енді рұқсат берілмейді. Қазір үш санаттағы елдердің азаматтарына Қазақстанда жұмыс істеуге тыйым салынған. Егер осы уақытқа дейін қызмет атқарып жүргендер өз отандарына барып қайтпақшы болса, олар Қазақстанға қайта кіргізщілмейді. Бүгінгі күні дәл осындай талаптар қойылған», – деп қосты Нұрымбетов. 

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус планетада жаңа қытай вирусының таралуы пандемияны тудыруы мүмкін деп мәлімдеген еді. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз