Коронавирусқа байланысты ҰБТ-ны тапсыру кейінге шегеріле ме? — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирустық пандемияға байланысты ұлттық бірыңғай тестілеудің кейінге шегерілуі жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Кестеге сәйкес, тестілеу жыл сайын маусымның соңында өткізіледі. Сондықтан, бүгін ҰБТ-ны кейінге қалдыруға негіз жоқ. Мамырға жақын, эпидемиологиялық жағдайға байланысты біз бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылдаймыз», — деді Аймағамбетов онлайн-брифингте.

Бұған дейін Асхат Аймағамбетов білім беру сайттарына, соның ішінде Kundelik.kz-ке кіру тегін болады деп айтқан болатын.

Еске сала кетейік, 5 сәуірде Қазақстандағы мектеп оқушылары демалыстарын аяқтайды. Коронавирусқа байланысты оқушылар мен студенттер қашықтықтан оқытуға көшуде.

 

stan.kz