Коронавирус жұқтырғандар Грузияда, Норвегияда, Финляндияда және Латын Америкасында анықталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирустың географиясы кеңеюде. Инфекцияның алғашқы жағдайы Грузия, Норвегия, Финляндия және Бразилияда тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

коронавирус

Грузия

«Бірнеше минут бұрын біз Лугар зертханасынан талдау нәтижелерін алдық, соған сәйкес елімізде коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы анықталды. Кеше Әзірбайжан арқылы Ираннан келген Грузия азаматы жұқтырды», — деді елдің денсаулық сақтау министрі Екатерина Тикарадзе.

Финляндия

Коронавирус табылған алғашқы Финляндия азаматы Миланнан келді.

«Хельсинки мен Уусимаа медициналық аймағындағы адамға зертханалық зерттеулермен расталған коронавирустық инфекция диагнозы қойылды. Инфекцияны жұқтыру Италияның солтүстігінде Миланда болған. Науқас Хельсинки университетінің ауруханасында емделуде. Оның жағдайы жақсы», — дейді денсаулық сақтау және әл-ауқат институты (THL).

Норвегия

Норвегияның солтүстігінде бір адамда жаңа коронавирус анықталды. Алайда жергілікті дәрігерлер жағдайды ушықтырмауға шақырды. Коронавирусқа жасалған анализ оң нәтиже көрсеткен адам қазір сау, бірақ үйде карантинде. Науқастың жынысы мен жасы айтылмайды.

«Бүгін (сәрсенбі) өткізілген тест әлсіз оң нәтиже көрсетті, ал алдыңғы талдау теріс болды. Тест нәтижелері коронавирустың іздерін көрсетті», — деді Лин Вольд, Норвегия денсаулық сақтау институтының инфекциялардан қорғаныс және төтенше жағдайларға дайындық бөлімінің директоры.

Бразилия 

Латын Америкасында коронавирустық инфекцияның бірінші жағдайы Бразилияда расталды. Инфекция Италияның солтүстігіне 9-нан 21-не дейін сапар шегіп, Сан-Паулуға келген 61 жастағы бразилиялықта анықталды. Бразилия денсаулық сақтау министрлігі алғаш рет сейсенбіде ер адамнан коронавирус тапқаны туралы хабарлады және оның сынақтары қайта тексеруге жіберілді.

АҚШ

Сондай-ақ, АҚШ-та Diamond Princess круиздік кемесінен эвакуацияланған тағы алты американдықта коронавирустың жаңа түрі анықталды. Осылайша, АҚШ-та коронавирустың 59 жағдайы тіркелді: жолаушылар кемесінде — 42 жағдай, Қытайдан келгендер — 12, туыстарынан — 2, Уханьнан жұқтырған американдықтарда — үш жағдай.
 

 

 

stan.kz