«Коронавирус жоқ, маска тақпаймын»: Автобусқа маскасыз кірген жолаушы жұртың ызасына тиді

0

Әлеуметтік желілерде «Оңай» бақылаушысы автобус жолаушысынан масканы тағуды сұрап тұрған видео кең талқыға түсіп жатыр. Көпшіліктің назарына іліккен бұл видеодан жолаушы бақылаушыға жауап ретінде масканы мүлде тақпайтыны айтқан.

Желілерде желдей ескен видеода бақылаушының жолаушыдан карантиндік тәртіпті сақтап, маска тағуын талап еткені байқалады. Осы тұста, автобустағы басқа жолаушылардың барлығы маскада отырғанын айта кету керек.

«Маска кию керек деген заңды көрсетші. Ондай заң жоқ. Сол үшін сенің де маска тақ деп айтуға құқығың жоқ», – деп дүрсе қоя берді ер адам бақылаушыға.

Одан әрі «оңай» қызметінің бақылаушысы автобус жүргізушісіне көлікті тоқтатуын өтінеді. Басқа жолаушылар да бақылаушының сөзіне қосылып, ер адамнан заңға бағынуды сұрайды.

«Барлық үйде кішкентай балалар бар, қауіп төндірмеңіз, Маска киіңіз», – дейді жолаушылар.
Алайда, жауап ретінде ер адам маска тақпайтынын айтты.

«Маска бар. Бірақ тақпаймын. Осы уақытқа дейін ауырсам, мен ауыратын едім», – деді жолаушы.

https://www.instagram.com/p/CCtKwHuppJg/?utm_source=ig_embed

Осы жағдай бойынша Алматы полиция бөлімшесіне ешқандай арыз келіп түспеген. Ведомствоның баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту құқығы Алматының ҚБТУ-нің мамандарына берілгенін айтты.

«Өкінішке орай, видеода маршрут нөмірі көрінбейді. Азаматтың санитарлық ережелерді бұзғаны анық, бірақ оның жеке басын анықтаумен құқық қорғау органдары құзыретті. Мониторингтік топтар қоғамдық көліктерді қоса алғанда, қоғамдық орындарды тексеруді жүргізуде, айыппұл салынған жолаушылар да бар», – деп хабарлады Алматы қаласының тауар және қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде (БКБ).

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз