«Коронавирус жалған, қолдан жасалған дүние»: Нұрлан Еспанов коронавирус жайлы не айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық блогер, суретші, бірнеше интернет-жобалардың авторы Бақытжан Бұхарбай Нұрлан Еспановты жазалауды сұрайды. Бұған әншінің елімізде тараған короновирусқа қатысты айтқан пікірі себеп болып отыр. Блогер әнші қоғамдық тәртіпті бұзды деп айыптады.

Мәдениет министрі болатын едім: Нұрлан еспанов мемлекеттік қызмет туралы

Бұл туралы блогер Facebook парақшасында жазды. 

«Ақөбе тұрғыны, Инстаграм парақшасында 29,9 жазылушысы бар Ләйлә Исламова «Мен бүгін карантинді бұзып, коворкингке бардым. Кофе ішіп, жаяу жүрдім. Мен бақыттымын» деген жазбасы үшін 3 тәулікке әкімшілік жазаға тартылды. Ақтөбеде карантин жарияланған жоқ. Сондықтан ол өздігінше осылай жасаған. Дегенмен полицейлер істі сотқа дейін жеткізіп, Ләйлә «Төтенше жағдайдағы тәртіпті бұзу әрекеттері» бабы бойынша жазаланды. Енді ең қызығын айтайын, парақшасында 634 мың оқырманы бар (әрі ол тойшыл аудитория) Нұрлан Еспанов коронавирустың жалған екенін, ондай ауру тарап жатпағанын, оның қолдан жасалғанын еркін түрде жеткізіп отыр.

Еспановтың аудиториясы — қыз ұзатқыш, той жасағыш, құдалық жасағыш, үйде отырғызуға көндіре алмай жатқан топ. Бұл әнші жағдайды мүлде түсінбеген секілді. Қоғам алдындағы жауапкершілігін де сезінбейтінге ұқсайды. Сонымен қатар оны жазалауға да ешкім асығар емес», — деді ол.

Блогердің айтуынша, әнші қоғамға пікірі арқылы зиян тигізіп отыр. Сондықтан тиісті жазасын алуы керек. Егер жазаланбаса, Ләйләні де жазалаудың қажеті жоқ деп санайды.

«Егер Ләйләні үш тәулікке қамаған болса, мына әншіні де солай жазалау керек. Менің субъективті пікіріме сәйкес, Еспанов адамдарға екі есе зиян келтірді. Бұл жерде полицейлердің жедел жұмысының нәтижесінде әншінің жағдайды түсінбегенін айтып, кешірім сұраған видосын жариялаудың түк керегі жоқ. 

Қыздың қамалып, әншінің той тойлап еркін жүргені дұрыс емес. Егер Еспановтың әрекеті заңбұзушылық болмаса, онда Ләйләні де босату керек», — деп жазды Бұхарбаев. 

Бұған желі қолданушылары әр түрлі пікір білдірді. Бірі блогердің айтқанын қолдаса, бірі жеке пікір үшін жазалауға қарсы.

stan.kz