Коронавирус ОПЕК-ке қалай әсер етті

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қытай Халық Республикасынан тараған коронавирус індеті ОПЕК ұйымына қалай әсер етті екен?

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Мәскеу коронавирус эпидемиясы салдарынан мұнай шығаруды күрт қысқарту туралы ОПЕК ұсынысымен келіскен жоқ.

Бұның салдарынан мұнай картелімен қарым-қатынас ушықты, ал шикізат нарығына бағаның құлдырау қаупі төнді. Мұнайшылар неге сеніп отыр және қалыптасқан жағдайда оларға өндіріс көлемдерін азайту неге тиімді емес. Бұл туралы РИА Новости материалынан оқыңыздар.

Мұнай нарығы «қалтырап тұр»: коронавирустың таралуы туралы жаңалықтарға байланысты белгіленімдер біресе күрт өседі, біресе құлдырайды. Сарапшылар эпидемияның әлемдік экономикаға қаншалықты қымбат түсетінін бағалауға тырысуда. Әзірге олардың қорытындылары оптимизммен ерекшеленбейді.

Бір апта бұрын ОПЕК мұнайға әлемдік сұраныс болжамын бірінші тоқсанда күніне 440 мың баррельге – шамамен үштен бірге төмендетті. Жалпы, 2020 жылы орташа тәуліктің тұтынуды 230 мың баррельге қысқарту күтіліп отыр.

Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА) одан да пессимистік күйде. Осы ұйымның сарапшылары ақпандағы есебінде сұраныстың 2020 жылы тәулігіне 365 мың баррельге төмендейтінін болжаған.

Осы жағдайда Сауд Арабиясы, жетекші мұнай өндіруші әрі ОПЕК көшбасшысы өндірісті жылдам қысқартуға шақырды. Бұл белгіленімдерді барреліне 60 доллар немеес одан жоғары деңгейінде ұстап тұру үшін жасалды. Толығырақ РИА Новости материалынан оқыңыздар.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз