Коронавирус індетінен тағы 6 науқас көз жұмды

0

Қазақстанда коронавирус індеті салдарынан қайтыс болғандардың саны 67 адамға жетті. Қайғылы жағдайдың төртеуі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Елімізде коронавирус инфекциясынан тағы 6 адам көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Нұр-Сұлтан қаласында 4 ер адамның көз жұмғаны тіркелді. Олар 1973, 1952, 1961, 1950 жылы туған азаматтар. Ал 1941 жылы дүниеге келген әйел Батыс Қазақстан облысының және 1953 жылы туған ер адам Қарағанды облысының тұрғыны.

«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», – делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша барлығы 67 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, республика бойынша аталған індетті жұқтырғандардың саны 13 319 адамға жетсе, оның ішінде 8 345 науқас аурудан айығып шықты.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз