Коронавирус Хайнань аралына жетті: бір адам көз жұмды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Хайнань провинциясының денсаулық сақтау комитеті Қытай пневмониясынан бір адам қаза тапты деп хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қаза болған азамат – курорттық аралға Ухань қаласынан келген 80 жастағы әйел, деп ақпарат таратты РИА Новости.

27 қаңтардағы таңертеңгі жағдай бойынша, Хайнань провинциясында ауру жұқтырған 31 адам анықталған, төрт адам ауыр халде жатыр. Індет ең көп тараған елді мекендер – танымал туристік Санья қаласы (10 жағдай), Хайкоу қаласы (6 жағдай) және Ваньнин қаласы (7 жағдай).

Қытайдағы коронавирус

2019 жылдың желтоқсанынан бастап Қытайда белгісіз коронавирустың таралуынан кейін ел билігі Хубэй провинциясындағы он қаланы «жауып» тастады.

Бірінші болып Ухань қаласы «жабылды». Себебі қауіпті індет 11 миллионнан астам тұрғыны бар осы қаладан тараған болатын.

Карантин жарияланған қалалар арасында Чиби (534 мың адам), Эчжоу (1,08 миллион адам), Хуанган (7,5 миллион адам), Сяньтао (1,6 миллион адам), Чжицзян (550 мың адам), Цяньцзян (963 мың адам), Хуанши (2,7 миллион адам), Эньши (809 мың адам) мен Сяньнин (2,5 миллион адам) бар.

Бүгінгі жағдай бойынша, Қытайда коронавирустан 80 адам көз жұмған. Бұған қоса, бұл ауру басқа елдерге де тарай бастаған.

 



sputniknews.kz