Коронавирус екінші толқынына әр қазақ отбасы келесідей дайындалған дұрыс

0

Мен дәрігер емеспін. Медицинаға мүлде қатысым жоқ. Бірақ қолдан келсе, вирустың екінші толқынына әр қазақ отбасы келесідей дайындалған дұрыс сияқты.
1. Қарындағы сары май сатып алу керек. Көп көлемде. Мұздатқышқа салып тастасаңыз, қыста иммунитетіңізге жақсы көмектеседі.
2. Көп көлемде құрт пен қатық алыңыз. Өте пайдалы. Сорпамен бірге ішесіз. Жалпы құрт қазақты аштық сәтінде де құтқарған.
3. Таза, қоспасыз бал алыңыз. Минимум 15-20 кг. Біз шығыстан алдырамыз. Әр аймақтың өзіне тән бал сататын ошақтары болады ғой. Сол жерден алыңыз. Өйткені балдың таза болуы маңызды. Балды тек тәтті ретінде, шайға ғана қосып қолданбай, түрлі жаңғақтармен араластырып, күшті иммункөтергіш ретінде де қолданса болады. Сынақтан өткізіп жүрміз, әсері мықты.

4. Қарақат тосабын қайнатып алған дұрыс. Суық тию, тұмауда жақсы көмектеседі.
5. Жалбыз бен қарақаттың жапырағын, итмұрынды жинап алып, қысқа сақтаңыз. Тыныс алу жолдары ауруларында тамаша көмектеседі.
Жасыратыны жоқ, қазір халықтың иммунитеті түсіп кетті. Оған көптеген фактор әсер етуде. Ұзақ уақытқа созылған карантин, шомылу маусымына бара алмауымыз, күнделікті стресс. Иммунитет әлсіз болса, онда індетпен күресте жеңіліс табамыз. Жоғарыда айтылған дүниелерді анам жылда жасайды. Қыста тұмау мен суық тию маусымында жақсы көмектеседі. Сізге де кеңес беремін және басқа ұсыныс болса пікірге жазыңыз.

 

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан