Коронавирус Ақтөбе облысына жетті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Тағы бір адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, науқас Ақтөбе облысында, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі

НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз — Sputnik. Ақтөбе облысында бір адам коронавирус жұқтырды.

«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Ақтөбе облысында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 23 адам, Қарағанды қаласында — 2, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, жалпы 58 науқас тіркелді», — деп жазылған денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында. 



sputniknews.kz