Көпбалалы отбасылардан жаңа жәрдемақыға құжат қабылдау басталды

0

Елордалық көпбалалы отбасылар құжаттарын халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімдерінде, «Жанұя» отбасын қолдау орталығында және аудан әкімдіктерінің аппаратында тапсыра алады

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыға құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан төленеді.

«Мемлекеттік жәрдемақы төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған, немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі балалары бар барлық көпбалалы отбасыға табысына қарамастан төленеді», — делінген хабарламада.

  • 4 баласы бар отбасыларға –  42 496 теңге;
  • 5 балаға – 53 127 теңге;
  • 6 балаға – 63 757 теңге;
  • 7 және одан да көп балаларға 74 388 теңге.

Құжаттарды елордалық ХҚКО бөлімдерінде, «Жанұя» отбасын қолдау орталығында және қаланың басқа да пунктерінде тапсыруға болады.

Құжат қабылдау желтоқсан айы бойы жүргізіліп, 2020 жылдың қаңтарында қайта жалғасады.

Тағы оқыңыз: Балаға берілетін жәрдемақы 2020: кімге, қалай және қанша төленеді?

Мемлекеттік жәрдемақыға ілігу үшін отбасының барлық мүшесі бірге тұруы тиіс және бір мекенжайда тіркелуі керек. Олай болмаған жағдайда, отбасылардың жаңа жәрдемақыны алу құқығы шектеледі. Сондықтан көпбалалы отбасылар халыққа қызмет көрмету орталығына келіп, балаларын да бір мекенжайға тіркеп, сол жерде жаңа жәрдемақыға өтініш бергені жөн.



sputniknews.kz