Көпбалалы болуы, сақал өсіргені және хиджаб кигені үшін: Қытай билігі ұйғырларды жаппай түзету лагерьлерінен жабуда – Қазақстан жаңалықтары

0

BBC журналистері Қытайдағы мұсылман ұйғырлар неліктен жаппай қанауға ұшырап жатқандығы айтылған құжатты қолға түсіріп, оны зерттеп шығыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

түрме

Электронды кестеде 311 адамның өмірі жайлы деректер келтірілген. Ол жерде ұйғырлардың діні, отбасылық байланыстары, достары және басқа кімдермен араласатындығы туралы айтылыпты. 

Ең соңғы бағанда әлгі азаматтар еріксіз түрде лагерьлерге жабылуы керек пе, керек емес пе деген үкімге орын қалдырылыпты. Десек те бұл құжаттың шынайылығын тексеру мүмкін болмапты. Себебі онда мөрде, қолтаңбада қойылмаған. 

Қытайдың Шыңжаң провинциясындағы саясатты зерттеумен айналысатын маман, коммунизм құрбандарын еске алу қорының Вашингтондағы аға қызметкері Эдриан Зенз құжаттың растығына күмән келтірмеді. 

«Бұл Бежің үкіметінің басқа дін өкілдеріне белсенді түрде қысым жасап отырғанын дәлелдейтін құжат. Бұл жердегі деректердің барлығы – ақиқат», – дейді сарапшы. 

Егер тізім жалған емес болса, бұл құжат Қытай үкіметінің өтірігін әшкерелейді. Олар бұл жайтты жоққа шығарып, лагерьдегі азаматтардың ол жақта тек оқып жүргендерін айтыпты.

Доктор Зенз электронды кесте Қытайда шын мәнінде түзету лагерьлері бар екендігін растайтын бірден-бір құжат дейді. Тізімдегі адамдардың барлығында басқа мемлекеттерде туыстары бар екен. Сол себепті де олар «сенімді еместердің» қатарына енгізілген. 

Тағы бір жайт 598 нөмірлі 38 жастағы Хелбчем есімді әйел бірнеше жыл бұрын хиджаб кигені үшін лагерьге қамалған. Бұған қоса азаматтардың көбі шетелге шығу үшін төлқұжатқа тапсырыс бергені үшін бас бостандығына шектеу қойылған. Осыған орай тұрғындардың тіпті елден шығуға өтініш беруі кешірілмейтін дүние ретінде саналады екен. Сондай жағдайға байланысты 66-нөмірлі Меметтохти деген тегі бар азамат лагерьге жіберіліпті, десек те оның бойынан басқа да «сатқындық белгілері» байқалмаған. 

28 жастағы Нурмерет шетелдік сайтқа байқаусыздан кіріп кеткені үшін түзету лагеріне жөнелтілсе, Юсуп есімді азамат екі қызының хиджаб кигені үшін жабылыпты. Қытай билігі оған Хань әулетіне қарсы пікірде және саясаттағы исламды насихаттап жүр деген күдік тағыпты. 

Сондай-ақ бұл тізім бір адам үшін бүкіл отбасы қамалады деген болжамды растайтын көрінеді. 

Тізімдегі 311 азаматтың барлығы Шыңжаң-Ұйғыр провинциясының Қарақаш уездінің тұрғындары екен. Бұл аймақта тұратын ұйғылардың көрсеткіші 90 пайызды құрайды екен. 

Докто Зенздің пікірінше, «Қарақаш тізімі» Қытай үкіметі басқа дін өкілдерінің барлығын жаппай қудалап жатқандығын аңғартып отыр. 

2017 жылы арнайы топ құрылып, ұйғыр аудандарында тұратын үйлердің әрқайсысы тінтілген. Аталмыш топ әрбір үйде неше Құран кітабы бар екендігін және жергілікті тұрғындар күніне неше рет намаз оқитынын санап шыққан. Мұның барлығы Шыңжаң билігінің ақпараттық жүйесіне жіберіледі екен. Бұл жерге одан басқа аймақтағы барлық бейнебақылау камераларындағы жазбалар да жөнелтіліп отырады. Осылайша қытайлықтар күдіктілерді анықтайды дейді доктор Зенз. 

Дегенмен Бежің билігі бұл жағдайдың тек террористік және экстремистік топтардың әрекетін алдын алуға арналған шаралар деп ақталыпты. Бұл сөздерін олар ұсталған азаматтардың арасында терроризмді насихаттағандардың бар болуымен түсіндірген. 

Ұйғырлар түзету лагерьлеріне көп балалы болғандығы үшін жиі түседі екен. Себебі ұйғырлардың заңға бағынбай, дәстүрлі қағидаларды ұстануы Бежің үкіметінің зығырданын қайнататын көрінеді. Бұған қоса Қытайда лагерьлерден шыққан азаматтарды жаппай қара жұмысқа салу да қарастырылыпты. Кейде лагерьге жіберілгендер темір тордың ар жағынан да бір-ақ шығатын кездері де болыпты. 

Мысалы бір азамат қалың сақал өсіріп, діни әдебиетті зерттеу айналысқаны үшін бес жылға түрмеге жабылған. Оған қоса тағы бір ұйғыр интернет арқылы белгісіз біреумен сөйлесені үішн 15 жылға, ұялы телефонындағы сатқындық суреттері үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған. 

Қытайдың бұл лагерьлерді жабуына қарамастан, бұл құжат олардың мұсылмандарға деген көзқарасы, ділі мен дүниетанымды психологиясын аңғартады дейді Зенз. 

Өз кезегінде қытайлықтар бұл жағдайдың экстремистік қауіпті болдыртпауға арналған шаралар деп түсіндірулерін қоймапты. 
 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз