Коммуналды төлемдерге 15 мың теңге беріледі: Алматы әкімдігі тұрғындарды қолдаудың тағы бір шарасы туралы мәлімдеді — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалықтардың әлеуметтік осал топтарға коммуналдық төлемдерді төлеуге көмек берілетіні жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ком услуги

Қала басшысының сөзінше, бұл жағдай мемлекеттік комиссия отрысында талқыға түскен. 

«Естеріңізде болса, біздің қаламызда алғашқылардың бірі болып коммуналдық қызметтер төлемін екі айға шегерілген еді. Осы жағдайға байланысты, қосымша шешім шығарылды. Мемлекеттік комиссияның келісімімен халықтың әлеуметтік осал топтарына екі ай 15 мың теңге тағайындалады. Яғни, егер коммуналдық қызметке  20 мың теңге төлеу керек болса, оның 15 мыңы мемлекет тарапынан өтеледі. Ал қалған бес мың теңгені тұрғындар өздері төлейді.  Бұл жәрдем халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына ғана көрсетілетін болады», — деді Сағынтаев.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коммуналдық төлемдердің бағасын төмендету туралы тапсырмасын еске салған еді. Президент берілген нақты нұсқаулар әлді де болса іске асырылмағандығын ашып айтқан еді. 

 

stan.kz