Көлгінов пара алған елордалық аудан әкімі үшін қызметінен кете ме — Қазақстан жаңалықтары

0

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департамент өкілдері Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов пара алды деп айыпталған елордалық Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есіловтың қылмысы үшін жұмыстан кетпейтінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұр-Сұлтанның әкiмi қанша жалақы алады

«Ол уақытта қала әкімінің отсавкаға кетуін көздейтін заңдағы өзгерістер қолданысқа енгізілмеген болатын. Сондықтан бұл тетік елорда әкімінің отставкаға өтініш беруі үшін қолданылмайды деп санаймыз», — деді ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Ерлан Сапаров.

«ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңның мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы мәселесі бойынша ережелері 2019 жылдың 10 желтоқсанында қолданысқа енгізілген. Оған сәйкес, облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана әкімдері өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынышты мемлекеттік саяси қызметші, аппарат басшысы не аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкімі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде отставкаға өтініш беруі тиіс.

Бұған қоса, заңда қарастырылған мәселе кімдерге қатысты екендігі аталып өтті. 

«Орталық мемлекеттік органның басшысы (министрлер, агенттіктердің төрағалары, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың төрағалары) өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынышты мемлекеттік саяси қызметші, жауапты хатшы, аппарат басшысы не орталық мемлекеттік органның облыстық, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың аумақтық бөлімшесінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде отставкаға береді», — деді Ерлан Сапаров.

Еске салайық, 2020 жылдың 17 ақпанында Есіл ауданы №2 аудандық сотының үкімімен Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының бұрынғы әкімі Асқар Есілов 515 000 теңге тұратын ұялы телефон түрінде пара алғаны және футбол алаңдарының құрылысы бойынша қосалқы мердігерлік жұмыстарды алуға жәрдем бергені үшін (ҚК 366-бабының 2-бөлігі) айыпталған болатын. 

stan.kz