Көкшетау тұрғыны тергеушінің кінәсінен баласынан айырылғанын мәлімдеді

0

Көкшетау тұрғыны баласынан тергеушінің әрекеті салдарынан айырылып қалғанын айтты. Ол күйеуіне қатысты істі жүргізген, – деп хабарлайды Кокшетау Азия.

15 наурызда Көкшетауда полицейлер «суицид жасайын деп жатыр» деген қоңырау бойынша келіп, қару қолданған. «Құтқару операциясының» нәтижесінде екі жігіт тергеу изоляторына қамалған. Оларға қызметтік міндетін орындау барысында билік өкілдеріне қатысты күш қолданып, қауіп төндірді деген айып тағылды. Олар енді 7-12 жылға дейін жазалануы мүмкін.

Жігіттердің айтуынша, оқиға болған жерге келген полицейлер ешқандай қарсылық танытпаса да, оларды себепсіз бір жарым сағат бойы ұрған.

Жігіттердің бірі Марк Шубиннің өзі полиция шақырып, ағасына көмектеседі деп үміттеніп, кіреберісте күтіп алған. Алайда соңында өзі қамалды.

Жігіттің туыстарының айтуынша, қазір тергеу тек полицейлердің шағымы бойынша жүріп жатыр.

Ағайындылардың үлкенінің әйелі босанатын күні жақындағанда баласынан айырылған, жатырда жатқан сәбидің жүрегі тоқтап қалған. Қазір ол полиция қызметкерлеріне қарсы шағым жазды. Себебі ол баласынан айырылғанын тергеуші тарапынан болған үздіксіз қысымның салдарынан деп есептейді. Жүйкесі сыр берген. Мұндай айып үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Алайда заңгерлердің айтуынша, бұл шағым бойынша әлі тергеу басталмаған. Себебі олар бұған бей-жай қарап, кәдімгі арыз деп отыр. Енді олар бас прокурордың атына өтініш жазған. Бұл баланың өліміне кім кінәлі екенін тергеуді жүргізуге себеп болады деген ойда.

tengrinews.kz

 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз