Көк базар сатушысы сүтті сұйылтып жатқанда әшкере болды (видео) – Қазақстан жаңалықтары

0

Әлеуметтік желіде оңтүстік астанадағы базарлардың бірінде сүтін сұйылтқан сатушының видеосы қызу талқылануда. Сүтті көбейту мақсатында үстінен суды немесе басқа қоспаларды қосудың денсаулыққа қандай зияны бар? Сүтті қайдан сатып алу керек және сатып аларда не нәрсеге назар аудару қажет? Қазақстан Республикасы Сүт кеңесінің директоры Владимир Кожевников жоғарыда аталған сұрақтарға жауап беріп, сұйылтылған сүт өнімдеріне қандай шара қолданылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Владимир Кожевниковтың айтуы бойынша, кеңес қызметкерлері көшеде ешбір құқықсыз сүтті және сүт өнімдерімен сатып жүрген азаматтармен түсіндіру шараларын жүргізеді. Маман сүтті ешкімнің сұйылтуға құқығы жоқ екенін ескере, мұндай сүттің адам денсаулығына кесірі үлкен екенін айтты. 

«Біз өзіміз де көше саудасымен, ұжымдық емес каналдармен күресіп, бұлай жұмыс істеуге болмайтынын түсіндіріп келеміз. Әрине, ешкім көпшіліктің көзінше сүтті қалай сұйылтатынын көрсетіп, ашып айтпайды. Бірақ біз жыл бойы адамдарға мұндай сүт тексерістен өтпегендіктен, оны сатып алу қауіпті екенін түсіндіреміз. Мысалы, сұйылтылған сүттің ішінде антибиотиктер болуы мүмкін немесе самотит дертімен ауыратын сиырдың сүті нарықта саталуы мүмкін.

Біз базарда немесе көшеде сүт сатқан апаларға қарсы шығамыз демеймін. Олар өз кәсіптерін жасай берсін, тек сататын өнімі міндетті түрде бақылаудан өтуі тиіс. Ұйымдастырылған нарықтарда, базарларда сатылатын сүттің ветеринарлық қызметтердің тексерісінен өткенін растайтын сертификат болуы қажет. Ал зауыттардан шығатын сүттерді айтсақ, олардың барлығы бақылауға алынған. Сүттің әр партиясы зертханалық әдістермен тексеріледі. Оны біз ең алдымен шаруашылықтан, жеке шаруашылықтан сатып алған соң, зауыттарда өндірістен өткізіп, содан кейін ғана саудаға шығарамыз», – дейді Қазақстан Республикасы Сүт кеңесінің атқарушы директоры Владимир Кожевников. 

Сонымен қатар, маман сүт және сүт өнімдерін сатып аларда неге мән беру керектігін түсіндірді. Аталған талаптарға сай келетін қаптамадағы сүттерді супермаркеттерден бөлек, шағын дүкендерден сатып алуға кеңес берді. 

«Ең бірінші қаптамасына назар аудару қажет. Өнімді таңбалаудың нөл жиырма екінші деген арнайы стандарт бар, соған сәйкес болуы тиіс. Сақтау мерзіміне, таңбалануына және  сақтау шарттарына да көңіл бөлген маңызды», – деді директор. 

Желі қолданушылардың сөздерінше, сүт сатушылар қолдың қаймағына да су қасып сатады екен. Айтуларынша, сатушылар үнемдеу үшін шұбатқа дүкеннен сатып алынатын айран да қосатын көрінеді. Маманда сол себепті Алматы тұрғындарына сүт өнімдерін сенімді сатушылардан ғана алуға кеңес беріп отыр.

«Бұрын да солай болған. Оның үстіне қолдың майын арзан маргаринмен араластырып сатады», – деді

По мнению пользователей интернета, недобросовестные продавцы выдают разведенную сметану за домашнюю. Есть также версия, что таким образом торговцы удешевляют шубат, разбавляя его кефиром из магазина. В любом случае, алматинцам советуют покупать молочную продукцию только у проверенных фермеров. «Всегда так было. Ещё и домашнее масло смешивают с дешевым маргарином», – предостерегает одна из читательниц. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз