кішкентай Кәусарды көршісі өлтіріп алған

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

41 0 0

Бұған дейін полиция 3 жасар қыздың өз құсығына тұншығып өлгенін хабарлаған еді

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде — Sputnik. Шымкенттегі үш жасар қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты. Баланы көршісі өлтіріп алғаны анықталып, ол қамауға алынған. Бұл туралы Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов хабарлады.

«Осыдан 3 күн бұрын қаламызда қайғылы оқиға орын алды. Аулада ойнап жүріп, 3 жасар Кәусар әкесінің артынан барамын деп өздерінің көршісімен бірге әкесі отырған жаққа жүреді. Кішкентай Кәусарды жетектеген көршісі қоршауды секіріп өтпекші болған кезде оны қолынан түсіріп алды. Талып қалған сәбиді көріп, көршісі қорқып, оны сол жерде қалдырып кеткен», – деп жазды Шымкент әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалған. Әбдірахымов тұрғынның міндетті түрде жауапқа тартылатынын айтты.

«Іс-сапардан келісімен оқиға орнына барып, мән-жайдың барлығын анықтадым. Кәусарға қатысты ешқандай зорлық жасалмаған. Кәусардың ата-анасына көңіл айттым, сындарлы сағатта бекем болуға шақырдым. Кәусардың жатқан жері жарық болып, Алла алдынан жарылқасын. Әр бала біз үшін қымбат. Сәбилеріміздің қауіпсіздігіне бәріміз жауаптымыз. Құрметті қала тұрғындары, балаларымызды сағат сайын бақылап қадағалап жүрейік», – деп жазды ол.

Әбдірахымов әкімшілік және қала полициясының тиісті жұмыстарды күшейтетінін атап өтті. Бүгін осы мәселе бойынша арнайы жиналыс өтеді. 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз