«Кірмей қала ма деп қорқам», «Өтім жыбырлап кетті» әндерінің авторы Мейрамбек Бесбаевқа ренішін айтты – Қазақстан жаңалықтары

0

Бұл туралы Нұрсұлтан Құрманмен болған сұхбатта айтылды.

Анайы әндер айтып, елдің сынына жиі ұшырап жүрген Арғын Argonya бұл әрекетін өзінше түсіндіреді. Мұның шығармашылыққа тән қасиет екенін, әрі өнерге келудің бір әдесі деп ұқтырғысы келеді. 

«Кірмей қала ма деп қорқам» әнін көбісі түсінбей ұятсыз деп сынап жатады. Мұндағы мағына ән осы ән әлеміне кірмей қала ма деген мағынада. «Өтім жыбырлап кетті» дегенді де анайы түсінеді. Мен де негізі сол ойды бергім келген, бірақ анайы болғаны үшін «өтім» деген сөзді таңдадым. Себебі адамның өт мүшесі бар. Мәселен адам ішімдік ішіп үйренсе, өті де соған үйреніп қалады. Ішімдік ішуді бірден тоқтатса, өтте де өзгерістер пайда болады, өт жыбырлайды. Менің де айтқым келгені сол. «Тәтті түтін» деген әнім кальян жайында», – деді ол.

Айтуынша, өзіне әншілер тарапынан жасалған қысым да аз болмаған. Әсіресе, Мейрамбек Бесбаевтың сынын ауыр қабылдапты.

«Егер мені танымайтын адам сынап жатса, оған мән бермес едім. Бірақ өзің жақсы көретін, сыйлап құрметтейтін адам сені түсінбей жатқаны, ауыр сөздер айтқаны екі есе ауыр тиеді екен. Мейрамбек ағамыз кездесудің бірінде маған ескерту айтып қалды. Әндерің не? Танымал болу керек екен деп осыған түсесің бе? Қойсаңшы деген нәрселерді айтты. Бір рет емес, бірнеше рет солай болды. Мен үндеген жоқпын. Үндемей қабылдадым. Себебі басқа амал болмады. Егер қарсы шықсам, мені жеп қояр еді. Бірақ сол кісілердің деңгейіне жетіп алайын, сол кезде жеке отырып, кешірім сұрап бәрінің мән-жайын түсіндірер едім. Мұның бәрін  маркетингтік әдіс деп қарау керек. Менің негізгі мақсатым сол», – деді.

Argonya тойларға 2 мың доллрға шығады. Жақын жерге 1 мың долларға шығады. Қатып қалған баға жоқ, кейде тегін баруым да мүмкін дейді. 


Мейрамбек Бесбаев: Киноға бірге түскен қызды іздеп әрең таптым, сөйтсем ол Ақан Сатаевтың жары екен


stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз